Өскеменде осы сенбіде жәрмеңке өтеді
Бұл жолы Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлері келеді
Фото:
pexels.com
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кезекті жәрмеңке 30 наурыз күні "ТНП" СҮ аумағында сағат таңғы 08.00-ден 14.00-ге дейін өтеді.
Қала тұрғындарының тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.