Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде судағы құтқару бойынша көпсайыс турнирі өтті

Әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда құтқару көпсайысы бойынша алтыншы облыстық турнирі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде судағы құтқару бойынша көпсайыс турнирі өтті
Фото:
ШҚО ТЖД

Жарысқа әскери-патриоттық спорт клубтары мен жас құтқарушылар мектебінен 15 пен 18 жас аралығындағы 42 спортшылар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Спорттық шара қалалық жүзу бассейнінде өтті. Мұндағы жағдайды төтенше жағдайлар қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің жіті назарда ұстады.

Қатысушылар 25 метрлік еркін жүзу қашықтығын тез өтіп, суға батып бара жатқан адамды құтқару құралының көмегімен алып шығуы керек болды. Құтқару барысында көмек көрсету ережелерінің сауатты сақталуына баса назар аударылды, - деп атап өтті №29 қосымша білім беру мектеп-орталығының директоры Евгений Шатурный.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №17 мектеп командасы, 2-орынды №34 мектеп, 3-орынды Облыстық IT мектебі иеленді.

Сондай-ақ, құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Жарыс судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге назар аударуға бағытталған, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мұстафин.

Следующая →