Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерде су есептейтін қондырғылар орнатады

Қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеу үшін арнайы қондырғылар орнатуды келісті

Новости Казахстана / Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерде су есептейтін қондырғылар орнатады
Фото:
t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы біздің елде өз қондырғыларын қояды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады.

Бұл уағдаластық бірінші кезекте географиялық тұрғыдан өзендердің бастауынан тыс жатқан біздің еліміздің мүддесі үшін өте маңызды.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Следующая →