Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскери киімдерін ұлттық киімге алмастырды

Бүгін Өскемен қаласындағы №27943 әскери бөлімінің қызметшілері Ұлттық киім күнін қолдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскери киімдерін ұлттық киімге алмастырды

Әскери қызметшілер бүгін жұмысқа өздерінің погон мен жұлдыз тағылған абыройлы киімдерін шешіп, ұлттық болмыстарын көрсететін ұлттық киімдерін киіп келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлттық киім - ұлттың мәдени кодын сақтайтын халықтың мәдени мұрасының бір бөлігі. Ұлттық киім арқылы қазақстандықтар өздерінің бірегейлігі мен ерекшелігін айшықтайды.

Наурыз мейрамы тек қазақ халқының төл мерекесі емес, бұл мерекені түркітілдес мемлекеттердің барлығы тойлайды. Жаңару мен жаңғыру мерекесі көптеген ұлттарға ортақ болғандықтан, біздің әскери бөлімде қызмет ететін әр түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп келді. Бұл арқылы біз қазақ халқының ғана емес, өзімізге жақын, тіліміз бен дініміз ұқсас, тарихымыз астасатын ұлттардың да болмысымен, мәдениетімен таныса алдық, - дейді әскри бөлім командирінің орынбасары подполковник Азамат Джумагазиев.

Бұл күн – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық киімді насихаттау салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және тарихи ерекшеліктерді сақтауға, келер ұрпақтаға жеткізуге ықпал етеді.

Следующая →