Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ауылдарындағы 700-ге жуық бала жазда лагерьде демалады

Ауыл мектептерінің 5-8-ші сыныптарында оқитын озат оқушылар жазда демалыс орындарына жіберіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ауылдарындағы 700-ге жуық бала жазда лагерьде демалады
Фото:
Устинка LIVE

Наурыз мейрамын тойлау аясында облыстың барлық аймақтарында "Қазақстан халқына" қорының қайырымдылыққа бағытталған "Жаздық жолдама-2024" жобасы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Білім басқармасы ақпаратына сүйенсек, "Жаздық жолдама" жобасы ауыл мектептерінің 5-8-ші сыныптарында оқитын, үздік көрсеткіштерге ие және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

2023 жылы "Жаздық жолдама" жобасының арқасында облыс бойынша 400 бала "Дарын" балалар лагерінде 10 күн демалды, - деп хабарлады ШҚО Білім басқармасы. - Биыл облыс бойынша 184 ауыл мектепке барлығы 689 жолдама-сертификаттар тапсырылды.

"Қазақстан халқына" қорының өкілдері ауылдық жерлерден келген балалар мен жасөспірімдерге ғана бағытталған "Жаздық жолдама" жобасы өскелең ұрпақты ынталандыруға және отансүйгіштікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар коммуникация, көп мәдениетті ортадағы қарым-қатынас сияқты өмірлік қажетті дағдыларды нығайтуға, сондай-ақ кәсіптік бағдарлаудың элементіне айналады деп санайды.

Следующая →