Самар ауданындағы балалар үшін қауіпті нысандар картасы жасалды
Ондай нысандарға қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері жатады
Бірыңғай электронды картаны samar.balalar.kauipsizdigi инстаграм парақшасынан көруге болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Самар аудандық прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, аудандағы қауіпті объектілердің паспортын жасады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы. - Яғни, қолданыстағы геодеректерді пилоттық режимде біріктіру арқылы балаларға арналған қауіпті объектілердің Бірыңғай электронды (онлайн) картасы әзірленді. Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі samar.balalar.kauipsizdigi сілтемесінде жарияланды.
Картада мыналар көрсетілген: қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері және т.б.
Кез келген азамат тізімді толықтыру үшін қауіпті жер туралы хабарлай алады. Ақпаратты нақтылау үшін толық сипаттамасын, фотосуреттер, бейнелерді қосуға болады, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасындағылар.