Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы су өткізу құбырларының жартысынан көбі тазартылды

Өңірде 634 су өткізу құбыры болса, оның 65%-ы тазартылды

Усть-Каменогорск и ВКО / В ВКО к паводкам очищены 65% из имеющихся 634 водопропускных труб
Фото:
Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог ВКО

Бүгінгі таңда облыста су тасқыны қаупі жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күн жылып, қар қарқынды еріп жатыр. Облыстағы коммуналдық қызметтер қарғын су басу қаупінің алдын алу мақсатында белсенді жұмыс жүргізуде.

Облыстық маңызы бар жолдардағы 90 көпірдің барлығы қар мен мұздан тазартылды, - деп хабарлады ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. - 634 дана су өткізу құбырларының 65%-ы тазартылды. Бұл жұмыс облыстың әрбір ауданының климаттық ерекшеліктеріне қарай жоспарлы түрде жүргізілуде.

Өткен жылдың жазы мен күзінде су тасқынына қарсы іс-шаралар уақтылы жүргізілген: жаңа су өткізгіш құбырларды орнату және пайдаланылып жатқан су өткізгіш құбырларды жөндеу; су өткізгіш құбырлардың кіретін және шығатын арналарын бұталар мен өскіндерден тазарту; су бағыттаушы бөгеттерді орнату.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға мердігер ұйым 2 мың м3 астам инертті материалдар дайындады, 2,2 мың қап, 20 тонна техникалық тұз, 324 дана шанц аспаптары мен еріген суды өткізуге арналған шатырлар сатып алынды, - делінген басқарма ақпаратында.

ШҚО облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдардағы жағдай тұрақты бақылауда.

Жауапты мемлекеттік және коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Су тасқыны қаупі бар жол учаскелері тәулік бойы күзетіледі.

Следующая →