"Қызыл ту" мұз өткеліндегі жол жабылды
Мұз жарылып, су мұз бетіне шығып кеткендіктен мұз үстімен жүру қауіпті
Сол себепті кеше өткелмен өтуге тыйым салынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы ақпаратына сүйеніп.
ШҚО Құйған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы №319 өкімімен "Қызыл Ту" (Бұқтырма су қоймасы) мұз өткелі бойынша көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысты жабу туралы шешім қабылданды, - делінген ақпаратта.
Оған мұздың жарылып, судың мұз бетіне шығып кетуі себеп. Ол көлік қозғалысына және адамдардың өміріне қауіп төндіреді.
Сол үшін қозғалыс Алтай, Үлкен Нарын, Зайсан елді мекендері арқылы айналмамен жүзеге асырылады.