Герасимовка ауылында екі үйдің ауласын су басты
ШҚО ТЖД мамандары үй аумағындағы суды сорғызып, арнайы қаптар төседі
Мамандар халыққа көктемге дайындық жұмыстарын өздері уақтылы жүргізу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
12 наурызда Ұлан ауданында, Герасимовка ауылында қардың еруі нәтижесінде екі аула аумағында су жиналды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күштерімен инертті материалдары бар қапшықтар төселді, мотопомпалардың көмегімен суды сору жұмыстары жүргізілді. Оған 30 жуық адам жұмылдырылып, 2 мотопомпа қолданылды.
ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға өз үйлерінің аумағын қардан тазартуды, арықтар мен су арналарын тазалауды және олардың бітелмеуін қадағалауды, үй аумағын судан қорғау үшін арнайы материалдар (қаптар, топырақ, құм, саз) дайындауды ұсынады.