Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +33°
$
464.72
496.32
¥
64
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО прокуратура қызметкерлері халыққа алаяқтар жайлы ескертуде

Өскемен қаласы мен Алтай ауданы прокуратурасының мамандары үй-үйді, сауда орындарын аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО прокуратура қызметкерлері халыққа алаяқтар жайлы ескертуде
Фото:
ШҚО прокуратураның баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда интернет платформасын қолданып жасалатын ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың түрі артқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын қылмыскерлер де азаматтардың қаржысын жымқырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда.

Сол себепті де облыс прокурорлары тұрғындарды интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы хабардар ету мақсатында үй-үйді аралап шықты.

Өскемен қаласы мен Алтай ауданының прокурорлары 200-ден астам көпқабатты тұрғын үйді, адамдар көп жиналатын орындар мен ірі сауда орталықтарын (АДК Ривер, Император, Магнум, Евразия, Дос-НАР) аралап шықты, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасы. - Прокурорлар 1 144 адаммен әңгімелесіп, алаяқтар қоңырау шалған кезде іс-қимылдар алгоритмімен бөлісіп, түсіндіру-профилактикалық сипаттағы буклет-жадынамаларды табыс етті.

Халықтың осал санаттарына және алаяқтардың айла-амалдарына жиі сенетін қарт адамдарға ерекше назар аударылады.

Профилактикалық акцияларға прокуратура қызметкерлері мен полиция органдарының арасынан мобильді топтар құрылып, ЖОО заң факультеттерінің студенттері арасынан еріктілер қатысты.

Акция облыстың барлық өңірлерінде тұрақты негізде жалғасатын болады.

Следующая →