ШҚО-да 20-дан астам шетел азаматы жауапқа тартылды
Олар өңірде ешқандай рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеп жүрген
"Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні заң бұзған 20-дан астам адам анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мысалы, облыс орталығы әкімшілік ғимараттарының бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат алған 12 ТМД азаматын анықтаған. Алайда олар мүлдем басқа салада еңбек еткен, осылайша қазақстан заңнамасын бұзған. Нәтижесінде барлық 12 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 7 шығысқазақстандық жұмыс беруші әрқайсысы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.