Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
492.17
-2.78
522.39
-3.10
¥
68.27
-0.13
5
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазір әскерге шақырту қағазы бұрынғыдай үйге жіберілмейді

1 наурыздан елімізде көктемгі әскери шақыру басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазір әскерге шақырту қағазы бұрынғыдай үйге жіберілмейді
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Бұл науқанда әскерге шақырту алған азаматтар Шекара қызметінде, Қарулы күштер қатарында, Ұлттық ұлан сапында және ТЖМ-да борыштарын өтейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Қазір әскери сала да сандық жүйеге көшірілген. Сондықтан бұрынғыдай 18 жасқа толған азаматтың үйіне әскерге шақырту қағазы жіберілмейді. Барлығы азаматтарға арналған электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Әскери тәртіпке сәйкес, шақырту алған әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарына барып, медициналық және психологиялық тексеруден өтуге міндетті.

Өздерінің аудандары мен қалалырында комиссиядан өтіп, әскерге жарамды деп танылған жастар Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен қайта өткізіледі. Кімнің денсаулық критерилері жоғары болса, олар бірінші кезекте шекара әскеріне жіберіледі. Қазір келгендердің бәрінің денсаулығы жақсы. Ең бастысы, жігіттер қызмет етуге үлкен ықыласпен келуде, - деп атап өтті ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, басқарма бастығы майор Жасұлан Сатбалдиев.

Көктемгі шарқытудың басында жолдамамен келген сарбаздардың көпшілігі шекара қызметіне жіберіледі. Сонымен қатар, оларды еліміздің алыс-шалғайдағы шекара шебін емес, Шығыс Қазақстан облысының шекарасын қорғайды.

Мен әскерге шақырту алып, барлық тексерістерден жарамды болып танылып, облыс орталығына келіп отырмын. Бұл жерде де менің барлық денсаулық көрсеткіштерім жақсы деп бағаланып отыр. Әскери борышымды өзіміздің өңірімізде өтеймін деген ой менің көңілімді жайландырды. Отан алдындағы өзімнің азаматтық борышымды абыроймен өтеймін деген сенімдемін, - дейді әскерге шақырылушы Еркебұлан Тоқтаров.

Әскери борышын өтеген азаматтарда ары қарай келісімшартпен әскери қызметте қалу мүмкіндіктері бар.


Следующая →