Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде су саласының мамандары жетіспейді

Өскеменде су саласының кадрларын даярлау үшін жоғары оқу орнын ашу қажеттілігі туындап отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде су саласының мамандары жетіспейді
Фото:
oskemen.atameken.kz

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту кеңесінің отырысында осы саладағы кәсіпорындардың басшылары білікті кадрлардың тапшылығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өзен серуенімен айналысатын кәсіпорын жетекшісі Ксения Белованың айтуынша, олар кеме экипажын жинақтау бойынша кәсіби кадрлар тапшылығы мәселесі туындап отыр.

Тек биыл 40 жұмыс орны ашылса, 2025 жылы 45 орын, жыл сайын жұмыс орны саны артып отырады, - деп атап өтті Ксения Олеговна. – Сонымен қатар, өзен бизнесінде нақты өзен ісіне қатысты білімі бар кадрлар ғана емес, сонымен қатар техникалық мамандар да жұмыс істейді: дәнекерлеушілер, әрлеушілер, ағаш ұсталары, жедел сала: кассирлер, сатушылар, гидтер, тазалаушылар.

Ксения Белова айтқандай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде су саласының кадрларын даярлау үшін жоғары оқу орнын ашу қажеттілігі туындады.

Өзен ЖОО түлектерінің жұмысына Семей көлік колледжінің дипломды мамандарының жұмысына қарағанда әлдеқайда жоғары ақы төленеді, - деп атап өтті ол. - Мемлекеттік тапсырыс тетіктері арқылы мамандарды даярлау мүмкіндігін қарастыру маңызды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне қарасты теміржол және су көлігі комитетінің "Қазақстан су жолдары" РМҚК Жоғарғы Ертіс филиалының директоры Максим Гейне де кадрлардың жетіспейтіндігін растайды.

Қазіргі таңда біздің кәсіпорында 79 бос жұмыс орны бар, - дейді Максим Валерьевич. - Қызметкерлердің көбі зейнет жасына таяп қалды. Сол үшін де бос жұмыс орындар саны арта бермек.

Сонымен қатар, оның айтуынша, су көлігімен жүк және жолаушылар тасымалы жыл сайын артып келеді және кәсіби кадрларды даярлау мәселесін қазірден бастап шешу қажет. Кеме жүргізушілері, кеме механиктері, кеме электромеханиктері қажет.

Осы саланың мамандарын оқытуды жеке санатпен қарастыру керек, - дейді Максим Гейне. – Бұл маусымдық жұмыс болғандықтан бейінді білім алу үшін жүзу құрамы қызметкерлері навигация аралық кезеңде оқу сессияларын ұйымдастыруына болады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Адылхан кадр мәселесі өте өзекті екенін айта келе су саласы мамандарын Өскеменде орналасқан колледждерде және "Шығыс фарватер" бейінді оқу орталығында дайындауға болатынын айтты.

Навигациялық кезеңді ескере отырып, су саласы мамандықтары бойынша студенттерді дуальды оқыту бағдарламасын әзірлеу қажет болуы мүмкін. Техниктерді, механиктерді, кеме жүргізушілерді даярлау бойынша мамандықтарды ашуға болатын Өскемен колледждерінің әлеуетін анықтау қажет, - деп атап өтті Әсет Бердіғалиұлы. - Жоғары білім алуға келетін болсақ, бұл мәселені ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы өңірдің жоғары оқу орындарымен бірлесіп пысықтайды.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде білімі бар жұмысшылар одан әрі біліктіліктерін арттыруы керек.

Кеңес соңында жергілікті атқарушы органдар, кәсіби білім беру, еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты қарастырып, су саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер тілектері де ескерілмек.

Следующая →