Маралдыдағы жұмысшының қазасына қатысты толық ақпарат 10 күнде анықталады
Жексенбі күні "СтройГрад БК" ЖШС вахталық кентінің аумағында жұмысшы қаза тапты
"Мырзатай" ЖК қызметкері бульдозер мен экскаватордың арасында қысылып қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрды. Құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің маманы, қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдері кірді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 10 жұмыс күні өткеннен кейін комиссия ҚР еңбек заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарта отырып, осы оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды. Тергеу қорытындылары бойынша материалдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетін болады, - деп мәлімдеді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы.