ХҚКО қызметтері енді "АДК" сауда үйінде де көрсетіледі
Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскеменде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы "АДК" сауда үйінде ашылды.
Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және т.б. сияқты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.
Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады, - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.