ШҚО-да "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы басталды
Наурыздан бастау алған қайырымдылық акциясы 31 мамырға дейін жалғасын табады
Жыл сайын дәстүрге айналған акция өңірдегі аз қамтылған отбасылардың балаларының тілектерін орындауға бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Акцияның мақсаты – әрбір азаматты қайырымдылық ісіне тарту және оның жүзеге асуына олардың ортақтасуы, балалар мен жасөспірімдердің тілектерін орындауға көмектесу үшін ортақ күш біріктіру болып табылады.
Өңіріміздегі тұрғындар аз қамтылған отбасылардың мұқтаждықтары мен өтініштеріне бейжай қарамай, балаларға қол ұшын беруге болады. Акцияға кез келген адам қатыса алады, – деп хабарлады ШҚО Білім басқармасы. – "Жүректен жүрекке" акциясының шеңберінде киім-кешек, аяқ киім, кітаптар, балалар ой-өрісін дамытатын ойындар, спорттық құралдар, шығармашылық дамуына қатысты басқа да бұйымдар сияқты аса қажетті заттарды сатып алуға байланысты өтініштер ғана қарастырылады.
Акция бастау алғалы 7 жыл ішінде 16 000 тілек орындалды. Тілектердің барлығы облыстың коммерциялық және басқа да ұйымдардың, жеке тұрғындардың белсенді демеушілік көмегі арқылы жүзеге асты.