ШҚО-да уақыт бір сағат артқа жылжығанда 13 сәби дүниеге келді
Шығыс Қазақстанда уақыт өзгергеннен кейін 13 сәби дүние есігін ашты
Фото:
pexels.com
1 наурызда түн ортасынан (жаңа уақыт) таң атқанға дейін сегіз қыз, бес ұл туылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйеніп.
29 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында 18 сәби, ал 1 наурыз таңға дейін 13 нәресте туылған. Сәбилердің арасында егіз бен үшем жоқ, - деп мәлімдеді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.
"Қосымша" сағатта, яғни сағат тілі кері шегерілген уақытта Шығыс Қазақстанда бала туу тіркелген жоқ.