"Уағыз айту әдебі мен мәдениеті" құжаты қабылданды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен республикалық уағызшылар форумы өтті
Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтағы уағыз-насихат жұмыстарына жауапты 200-ден астам дін қызметкерлері, ұстаздар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚМДБ ақпаратына сүйеніп.
Имам – қоғамды тәрбиелеуші тұлға, ағартушы ұстаз. Отаншыл, аманатқа адал, адамгершілігі мол иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді, - деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Форумда "Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті" құжаты қабылданды. Аталған тағылымды құжат дін қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар, Қазақстан қоғамында айтылатын уағыздың әдебі мен мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етпек.