Өскемен
облачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +29°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +30°
$
478.58
520.84
¥
65.84
5.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО драма теарының актері "Театр барысынан" қанжығасын майлап қайтты

Кеше Астана қаласында елдегі театр актерлері арасында қазақ күресінен сайыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО драма теарының актері "Театр барысынан" қанжығасын майлап қайтты
Фото:
ШҚО драма театрынан

ШҚО драма театрының актері Арыстанбек Мұқият та марапат төрінен көрінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күш сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген палуандар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналды. Биыл бұл турнир екінші жыл өтіп отыр. Биылғы бәсекеде республикамыздың 10-нан астам өңірінен 53 балуан 5 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Ең бастысы, артымнан келе жатқан інілеріме үлгі болып, олар да қазақ күресімен айналысса деймін. Көптеген іс-шаралар тек ірі қалаларда өтіп жатады. Ал аудан, ауылдық деңгейдегі өнер адамдары сол төңіректе ғана болады. "Театр барысы" барлық жердің мамандарын бір ортаға қосып, күресіп қана қоймай, араласуына мүмкіндік сыйламақ, - деді турнир ұйымдастырушысы, "Өнер барысының" 3 дүркін чемпионы Асылхан Төлепов. - Былтыр сайысқа кемінде 3 ай жұмыс өтілі бар қызметкерлер қатысса, биыл 6 айға ұзарттық. Өйткені былтыр күреспен кәсіби түрде айналысқан спортшылар да қатысып кетті. Биыл барынша таза ұйымдастыруға тырысамыз. Салыстырмалы түрде осы жолы қатысушылардың дайындықтары жоғары.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпазға - 500 мың, екінші орынға - 300 мың, үшінші орынға - 150 мың теңге сыйақы берілді.

Жүлдегерлер қатарында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актері Арыстанбек Мұқият та бар. Жерлесіміз 3-орынды қанжығалады.

Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр облыстан бір салмақта бір адамнан қатысты. Мен 90 келі салмақта күрестім. Басқа облыстың жігіттері жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Дегенмен бұйырғанын алдық. Келесі жылға дайындығымды күшейтіп, бірінші орын алуға тырысамын. Бізді қолдап, сенім артып осы сайысқа жолдаған ШҚО драма театрының басшылығына, біз үшін тақым қысып отырған әріптес, жақындарыма алғыс білдіремін, - дейді Арыстанбек Мұқият.


Следующая →