Өскемендегі әскери бөлім қабырғасы қаланған күнін атап өтті
Өскемендегі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің құрылғанына 29 жыл толды
Қоғамдық тәртіпті қорғауға және елдегі жедел жағдайдың өзгеруіне байланысты атқарған еселі қызметтері айтарлық, деп хабарлайды "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Бүгінде аталған әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік әзірлікті шыңдап, жауынгерлік міндеттерін қырағылықпен орындап, еліміздің тыныштығын күзетуде.
Мерейлі шараға әскери бөлім ардагерлері қатысып, Ұлттық ұланда қатарындағы елеулі жылдардағы айтулы оқиғаларымен бөлісті. Салтанатты шара барысында шара қонақтары сөз сөйлеп, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, әскери бөлім командирі мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындық барысында үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғыс хаттар және грамоталармен марапатталды. Айтулы күнге орайластырылған шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің әскери қызметшілер өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен атқаруда. Әскери бөлімнің құрылған күні мерекесі қарсаңында барлық жеке құрамды айтулы күнмен құттықтаймын. Еліміздің өркендеуі жолындағы жауапкершілігі жоғары қызметтеріне жетістіктер тілеймін. Аспанымыз ашық, деніміз сау, еліміз аман болсын, - деді №5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Медет Ертайлақов.