Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Номиналы 10 000 теңгелік жаңа банкнота қолыңызға түсті ме?

ҚР Ұлттық банкі 15 қарашада жаңа мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарды

Новости Казахстана / Номиналы 10 000 теңгелік жаңа банкнота қолыңызға түсті ме?
Фото:
ҚР Ұлттық банкі

Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 30 жылдығына орай шыққан еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ұлттық банкі ақпаратына сүйеніп.

Банкнотаның тиражы шектеулі: барлығы 3 млн дана шығарылды.

Бұл банкнотада бейнеленген негізгі кескіндер – облыстарға бөлінген Қазақстан картасы және теңгенің "₸" белгісі бар монета, - деп атап өтті банкнотаның ерекшеліктері жайлы ҚҰБ қорларды талдау және жоспарлау басқармасының бас маманы Әмина Жолмырза. - Бұл мерейтойлық банкнота қазір айналымда жүр және заңды төлем құралы саналады.

Анықтама үшін:

Мерейтойлық банкноталар мемлекеттік және тарихи оқиғаларға арналып, шектеулі тиражда шығарылады. Мерейтойлық банкноталарды шығару – көптеген елде бар, кең тараған тәжірибе. Ал банкноталар сериясы жалпы қолма-қол ақша айналымына арналған.

Бұл ретте, 2024 жылғы жазда жаңа "Сақ стилі" банкноталар сериясы аясында жалпыға ортақ жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік сериялық банкнотаның айналымға шығарылатыны жоспарда бар.

Жаңа "Сақ стилі" сериясының 10 000 теңгелік банкнотасы әлі қолма-қол ақша айналымына түскен жоқ, - деп ескертеді ҚР Ұлттық банкі. - Банкноталардың жаңа сериясы дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастауы саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.

Следующая →