Әр тұрғын өз ауласын көктемде су баспауы үшін қазірден дайындалуы керек
Катонқарағай ауданының әкімдігі тұрғындарға осындай ескерту жасады
Фото:
instagram/katonkaragay_audany_akimdigi
Әр тұрғын өз ауласында су басу қаупінің алдын алу шараларын жүргізуі керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ақпанның соңында облыста қар қалың түсті. Көктемнің алғашқы айында күн жылына түспек. Осы байланысты су басу қаупі туындауы мүмкін.
Көктемгі кезеңде тұрғын үйлерін су басуына жол бермеу мақсатында, әрбір азамат өз аулаларында бірқатар іс-шараларды орындауы қажет, - деп ескертті Катонқарағай ауданының әкімдігі. - Ауладан қарды шығарып, шатырды қардан тазартып, аумаққа іргелес жатқан су өткізу құбырларын, арықтарды тазарту, нөсер жолдарын қоқыстардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту қажет.
Су басқан жағдайда 101, 112 телефондары арқылы хабарлау керек.