Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы қалааралық жолаушылар тасымалы қайта жандана бастады

Пандемия уақытында облыстағы бірқатар бағыттарға қатынайтын автобустар тоқтап қалған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы қалааралық жолаушылар тасымалы қайта жандана бастады
Фото:
Устинка LIVE

Автобекеттегі тірлік енді ғана қалыпқа келе бастады, қатынас жанданды деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, екі жыл бойы қалааралық автобус жүрмеген Шемонаиха ауданымен байланыс қайта орнады.

Бұл бағыттағы қатынасты қалыпқа келтіру оңай болмағанын айтады жауаптылар. Облыстық бюджеттен субсияда бөлуге тура келіпті.

Жолаушы көп деп айта алмаймын. Дегенмен мүлдем жоқ та емес. Бүгін 5 адам осы аудандағы ауылдарға, 6 адам Өскеменге жолға шықты, - дейді Шемонаиха автобекетінің кассирі Ольга Понеделко.

Бір айда 100-ге жуық жолаушы автобуспен қатынаған. Тасымалдаушылар шығынға батса да, тырысып жүр. Өйткені Өскемен-Шемонаиха әлеуметтік маңызы жоғары бағыт. Ал билет бағасы 2 мың теңгеден аспайды. Кеткен шығынның бір бөлігі облыстық бюджеттен субсидияланады.

Жолаушылар тасымалын дамыту үшін алдымен заңсыз тасымалмен айналысатындарды тоқтату керек деп ойлаймын.  Әйтпесе жолаушылар легін көбейту қиынға соғады, - дейді Өскемен автобекетінің директоры Алмас Бейсенғазин.

Сарапшылар субсидия-жүйені жаңғыртады деп сенеді. Қазір аудан ішіндегі қоғамдық көлік қатынасын дамыту үшін де осы әдіс таңдалды.

Өткен жылы субсидияға 45 миллион теңге жұмсалды. Биыл оны 75 миллион теңгеге жеткіземіз. Барлық бағыттар өте маңызды. Қоғамдық көлік әрбір ауылға қажет, - дейді Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов.

Демеу қаржы саладағы кадр тапшылығы мен жалақы мәселесін де шешеді. Биыл облыс ішіндегі қоғамдық көлік қатынасын қолдау үшін жалпы 350 миллион теңге жұмсалды. Енді тұрғындар туристік өңір Қатонқарағайға автобуспен бара алады. Зайсанға да рейс жиіледі.

Следующая →