Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер ұсынылды
"AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті
Конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Біріншісі Өскемен қаласы бойынша 2023 жылғы "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы және 2024 жылға орындамаудың ықтимал тәуекелдері туралы қала әкімі орынбасарының есебі тыңдалды.
Ал екенші сұрақ №12 бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидатты ұсыну мәселесі талқыланды.
Партия үшін сайлауалды бағдарламасына енгізілген әрбір нысанның уақытылы өз мерзімінде орындалуы маңызды. Сондықтан да біз осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуін бақылауда ұстайтын боламыз. Кейбір мерзімінен кешіккен немесе жұмысы дұрыс жүргізілмей жатқан нысандарға қосымша партиялық бекеттер қойылады, - дейді Сайрангул Жумадилова.
Сонымен қатар, облыстық филиалдың кезектен тыс ХХХІІІ конференциясында №12 бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ұсынылды.