Катонқарағай ауданында қар көшкіні түсті
"Өскемен-Рахман қайнары" республикалық жолын қар басып қалды
Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша, 21 ақпанда Катонқарағай ауданында шамамен сағат 8.40-та "Өскемен-Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автожолдың 436 шақырымында жалпы көлемі 7600 текше м қар көшкіні өздігінен түсті. Оған бұл аймақта қардың мол жаууы себеп болған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізуде.