Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Куәлік алуға тест тапсыратын жүргізушілер қандай алаяқтыққа барады?

Әрбір үшінші үміткер теорияны тапсыруға келгенде микроқұлаққаппен ұсталады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Бороться с мошенничеством на экзаменах в спецЦОНах продолжают в Казахстане
Фото:
Госкорпорация "Правительство для граждан"

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары алаяқтықпен күресудің жаңа әдістерін енгізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Айта кетейік, әрбір үшінші жүргізуші куәлігін алуға үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.

Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап, ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микро құлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады, - деді "Азаматтарға арналған үкімет" Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады. Айта кетейік, ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

Следующая →