ШҚО-дағы өрттің 46% жер үйлерде болған
Жылыту маусымы басталғаннан бері Шығыс Қазақстан облысында 217 өрт оқиғасы тіркелді
Жер үйден кейін, көпқабатты үйлердегі оқыс жағдайлар саны да артқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы уақытқа дейін көпқабатты үйлердегі пәтерлерде 26 рет өрт шыққан. Өткен жылыту кезеңінде 15 жағдай тіркелді.
Өрт кезінде 14 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың басым бөлігі зейнеткерлер мен уақытша жұмыссыз адамдар (11 адам). Адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамай, абайсыздығы оқыс жағдайларға әкеп соғады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Жер үйлерде иіс тию жағдайлары жиі кездеседі. Көміртегі тотығынан 21 адам зардап шекті және медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 11 бала.
Қазіргі уақытта ШҚО ТЖД мамандары әр ауланы аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2445 дана көміртегі тотығы датчиктері орнатылды.