Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мүгедек қарттардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырған

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры қарттардың 32 млн теңгесін иемденіп алған

Усть-Каменогорск и ВКО / Мүгедек қарттардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырған
Фото:
freepik.com

Осы ісі үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектелді, деп хабаралайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйеніп.

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті «Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» ҚММ бұрынғы директорының 29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқыру бойынша фактіні тергеді.

Сонымен қатар, ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған, - деп хабарлады агенттік. - Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Следующая →