Жылу энергиясына артық ақы төлемес үшін не істеу керек?
Ол үшін үйге ортақ жылу есептеу құрылғысын орнату қажет
Есептеу аспаптарын орнатпаған пәтерде жылу ақысы әдеттегіден 1,5-2 есе көп шығады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қалалық әкімдігі осы мәселеге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын дайындады.
Есептеу құрылғысы бар тұтынушы жазғы кезең үшін ақы төлемейді (мамырдан қазанға дейін), - делінген ақпаратта. – Сондай-ақ, есептеу құралдарының нақты көрсеткіштері бойынша тұтыну 20% үнемдеуге мүмкіндік береді. Есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін тариф есепке алу аспаптары орнатылмаған үйлерге қарағанда шамамен 1,5-2 есе аз болады.
Мысалы, Өскемен қаласында үйге ортақ есептеу аспабын орнату кезінде ауданы 50 м2 екі бөлмелі пәтер үшін жылдық төлем 29 514 теңгені, ал есепке алу аспабы болмаған кезде 48 402 теңгені құрайды. Осылайша, жылдық үнемдеу шамамен 19 000 теңгені құрайды.
Бұдан басқа, тұтынушы жылумен жабдықтаушы ұйыммен келісім бойынша жылыту маусымының басталу және аяқталу уақытын өзі шеше алатын болады.
Есептеу құралын орнату үшін кім төлеуі керек?
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жылумен жабдықтаушы ұйым тұтынушымен жасалған шартқа сәйкес есепке алу аспабын сатып алады және орнатады. Жеке жолда тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуге ұсынылатын төлем құжатында үйге ортақ жылуды есепке алу құралын сатып алу және орнату үшін төлем мөлшері көрсетіледі.
Есептеу құралы орнатумен қанша тұрады?
Құрылғының құны қосылатын үйдің көлеміне байланысты өзгереді, соған байланысты құрылғының диаметрі қосылу түйіні бойынша таңдалады Мысалы: ауданы 3500 м2 5 қабатты тұрғын үйге диаметрі 32 мм жалпыүйлік есепке алу аспабын орнату құны 1,4 млн теңгені құрайды, сондықтан екі бөлмелі пәтер үшін есепке алу аспабын орнату 20 мың теңгені құрайды, оны 12 айға дейін бөліп төлеуге болады.
Осылайша, құрылғыны орнатудың қайтарымы 1 жыл болады. Кейіннен жылу үшін жыл сайынғы үнемдеу 19 мың теңгені құрайды.
Есептеу құрылғысын орнату үшін не істеу керек?
1. Жиналыста тиісті хаттаманы ресімдей отырып, пәтер иелерінің жалпы санынан тұрғындардың 2/3 келісімін алу.
2. Есептеу құрылғысын бөліп-бөліп орнатуға елді мекеннің жылумен жабдықтаушы кәсіпорнымен шарт жасасу не есептегішке толық төлем жасау арқылы басқа мамандандырылған ұйымды жалдау.