Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өткен жылы 39 мыңнан астам қатерлі ісік жұқтыру жағдайы тіркелді

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі онкологиялық ұйымдардың басшылары ШҚО-да басқосты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өткен жылы 39 мыңнан астам қатерлі ісік жұқтыру жағдайы тіркелді
Фото:
.instagram/vkood_uzvko

Қазақстанның онкологиялық қызметінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы биыл ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

19 және 20 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ өкілдерінің, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі онкологиялық ұйымдардың басшыларының қатысуымен үлкен кеңес өтеді.

Өткен жылы Қазақстанда қатерлі ісіктердің 39 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды, - деді "ҚазОРҒЗИ" ақ стратегиялық және инвестициялық даму бөлімінің басшысы Алма Жылқайдарова. - Қазіргі уақытта диспансерлік есепте 127 мыңнан астам қазақстандық тұр. Аурудың құрылымында сүт безі қатерлі ісігі жетекші орын алады, екінші орында – колоректальды қатерлі ісік, үшінші орында – өкпе қатерлі ісігі. Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалауға ұлттық скринингтік бағдарламалар ықпал ететінін Алма Жылқайдарова атап өтті, және осы бағыттағы жұмысты күшейтуді ұсынды.

Отырыс барысында өңірлердің бас онкологтарының 2023 жылғы есептері тыңдалады, сондай-ақ әрбір өңірдің проблемалық мәселелері мен шешу жолдары талқыланады. Республикалық үйлестіру кеңесін өткізу шеңберінде ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары қатысушыларды онкологиялық орталықта қолданылатын онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырады, сондай-ақ жинақталған тәжірибелерімен бөліседі.

Следующая →