Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +27°
$
440.9
-0.02
475.95
+0.59
¥
60.95
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бір күнде Қазақстанда 8 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ҚР ҰҚҚ бірнеше облыста ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізді

Новости Казахстана / Бір күнде Қазақстанда 8 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Фото:
ҚР ҰҚҚ баспасөз қызметі

Нәтижесінде деструктивті діни ағым жақтастары бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, - делінген хабарламада.

Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар, барлығы 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, алтауына қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілікті. Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген. Тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды, - деп хабарлады ҚР ҰҚҚ.

Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды.

Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасуда.

Следующая →