Қазақстандық арналардың біріндегі TRAVEL-ШОУ Катонқарағай ауданынан басталмақ
Бүгін Jibek Joly арнасында танымал телевизиялық жобаның қазақша нұсқасы "Орел и Решка. Казахи" шығады
Бағдарламаның шымылдығы Катонқарағай ауданы туралы шығарылыммен түрілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
TRAVEL-шоуды әртіс, кинопродюсер Құралай Анарбекова және блогер Ғани Әжікенов жүргізеді. Олар Қазақстанның өңірлерін аралап, еліміздің бірегей жерлерінің ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетеді, сондай-ақ әлемнің таңғажайып қалаларына жасаған саяхатынан алған әсерімен бөліседі.
"Орел и Решка. Казахи" саяхат шоуының алғашқы көрсетілімін 16 ақпан күні сағат 22.00–де Jibek Joly телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ, бағдарламаның ағылшын тіліндегі нұсқасын сол күні 18:00–де Silk Way телеарнасынан көрсетеді.