Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
463.77
-3.52
495.49
-5.54
¥
63.82
-0.52
5.31
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтан өтеді

14 ақпанда Өскемен қаласының бірінші ауысымының 0-9-шы сыныптары мен Риддер қаласының 0-4-ші сыныптары мектепке бармайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Из-за непогоды школьники некоторых районов региона останутся дома в ВКО
Фото:
Устинка LIVE / В. Иванов

ШҚО Білім басқармасы ақпараты бойынша, ШҚО аудандарында қатты желден бөлек, аяз да күшейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Зайсан ауданында бес мектептің (Әуезов ОМ, Ломоносов ОМ, Мустафин, Дәуленов және Гагарин орта мектептерінің) 0-11-ші сыныптары қашықтан оқыса, 22 мектеп штаттық режімде оқиды.

Глубокое ауданы – бірінші ауысымның 0-4-ші сыныптары да үйден оқиды.

Күршім ауданында Б. Момышұлы ат. ОМ – 1-2-ші ауысымдардағы 0-11-ші сыныптары; Қаратоғай, Төсқайың, Ж. Малдыбаев ат., Монықой ОМ 0-9-шы сыныптары; Жолнұсқау, Барақ батыр, Бірлік, Ұрынхай, Шанағат мектептерінің 0-4-ші сыныптары мектепке бармай, сабақты қашықтан оқиды.

Катонқарағай ауданындағы Дамитов, Үлкен Нарын, Кіші Нарын, Солоновка мектептерінің 0-9-шы сыныптары және лицей; Новополяковка,Новохайрузовка, Барлық, Жұлдыз мектептерінің 0-4-ші сыныптары қашықтан, басқа мектептер штаттық режімде оқиды.

Алтай ауданында Алтай қаласындағы, Тұрғысын, Чапаев, Путинцев, Зубовская, Маякская мектептерінің 1-2-ші ауысымдардың 0-9-шы сыныптарына да сабақтар қашықтан болады.

-36° аязға байланысты М. Бикетов атындағы және Леснопристанская орта мектептерінің 0-11-ші сыныптары; -29° - 31° аязға байланысты Жаңа Бұқтырма, Первомайка, Первороссийская, Бородинская, Соловьевская, Средигорненская, Дородницкая, Новокрестьянская, Подорловская, М.Харин аындағы, Крестовская мектептерінің 0-4-ші сыныптары мектепке бармайды.

Самар ауданындағы Жұмабаев атындағы, Молдағұлов атындағы мектептердің 0-4-ші сыныптарына сабақтар қашықтан, басқа мектептерде штаттық режімде болады.

Следующая →