ШҚО құтқарушылары су тасқынына дайындықты пысықтайды
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары су тасқыны кезеңінде ТЖ жою бойынша жаттығулар өткізеді

"Көктем -2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 8-9 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
9 ақпанда сағат 9.30-да Өскемен қаласының Сол жағалау кешені ауданында су тасқыны қаупі бар кезеңде өңірде іске қосылатын азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының техникасы мен жабдықтары тексерілетін болады.
Сағат 11.00-де Фигурная көшесінде (Ескі Согра ауданы) тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтеді. Онда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқаруда ұйымдастырушылық және практикалық қызмет, су тасқыны кезеңінде ТЖ кезінде халыққа көмек көрсету мәселелері пысықталады.