Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде барлық ХҚКО жаңғыртылды

Қазір Өскемендегі барлық цифрлық ХҚКО-лар жаңа форматта жұмыс істеуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде барлық ХҚКО жаңғыртылды
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" МК ШҚОФ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы ақпаратына сүйенсек, Өскеменде барлық үш ХҚКО жаңғыртылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Азаматтар мемлекеттік қызметтерді жаңартылған ХҚКО-лардан: Сәтбаев даңғылы, 34/2, Қазақстан көшесі, 99/1 және Белинский көшесі, 37а мекенжайлары бойынша ала алады.

Бүгін біз жаңғыртылғаннан кейін Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайында ХҚКО-ны аштық. Осылайша, қазір Өскемендегі барлық цифрлық ХҚКО-лар жаңа форматта жұмыс істеуде.Олардың барлығы Кайдзен қағидаты бойынша жобаланған, қажетті жабдықтармен жабдықталған және Мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Кәдімгі халыққа қызмет көрсету орталықтарынан айырмашылығы - цифрлық ХҚКО-да бағытты жеңілдету және қызмет алушы жолын қысқарту үшін секторларға бөлінгенін ескеріңіз.

Аймақтардың әрқайсысының өзіндік түсі бар: қабылдау - көгілдір, жылдамдық аймағы - сары, дайын құжаттарды беру аймағы - жасыл, әлеуметтік қызметтер - қызғылт сары, құжаттама – қызыл, күлгін түспен азаматтар заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті және басқада тіркеу сияқты дәстүрлі операциялық зал қызметтерін ала алатын жайлылық аймағы көрсетілген.

Бұдан басқа, жаңғыртылған цифрлық орталықта ұйымдастыру техникасы жаңартылып, жаңа жиһаз орнатылды.

Следующая →