Өскеменде түрме қоршауынан көкнәр лақтырмақ болған
Ұлттық ұлан сарбаздары күдіктіні қолға түсірді
Тәркіленген зат – бір келіден астам көкнәр болып шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласының №16 түзеу мекемесінің белгілі бір аумағын патрульдеу барысында Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында ұсталған азамат салмағы бір келіден жоғары көкнәрді сотталғандарға лақтырмақ болғаны анықталды, - деп хабарлады "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Тыйым салынған өсімдік тектес жасыл зат жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды.