Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауданында маман даярлайтын жоба әзірленді

Самар ауданында мәдениет саласында өнер көрсететін мамандар тапшы

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауданында маман даярлайтын жоба әзірленді
Фото:
Т. Қайрат ұсынды

Осыған орай Самар ауданы мәдениет үйінің директоры жаңа жоба әзірледі. Ол "Мәдениетті, өркениетті болашақ" деп аталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі samar_news16 ақпаратына сүйеніп.

Аталған жоба алдағы он жылдыққа жоспарланып жасалған. Ерекшелігі – келешекте сырттан даяр маманды емес, аудан ішінен тұрақты маман дярлау.

Жуықта Самар аудандық мәдениет үйінің директоры Дархан Рамазанұлы Өскемендегі Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің басшысымен кездесіп, маман даярлау жобасы бойынша келісімшартқа отырды.

Біздің мақсатымыз – қазіргі таңдағы жасөспірімдердің мәдениет саласындағы мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттыру. Самар ауданындағы мекемелерде мәдениет саласындағы музыкалық білімі бар мамандар жетіспейді. Сондықтан бұл – бізге өте тиімді жоба, – дейді Дархан Рамазанұлы.

Айта кетейік, биыл ауданнан жобаға сәйкес 30 оқушыны музыкалық білім алуға оқу орындарына жіберу жоспарланып отыр екен.

Ауданымыздан маман даярлауымыз керек. Мысалы, колледжге 9-сыныптан кейін түсетін болса, үш жыл он ай оқиды екен. Бітіргеннен кейін ол бізге маман болып келеді. Соған оқу орнымен келісімшарт жасаймыз. Оқуына түсуіне, кеңес алуына қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, оқушыларды облыс орталығындағы театр, колледж, музейлерге экскурсия жасатамыз. Онда олар қандай мамандық таңдауға болатынын, дайындықтың қалай жүргізілетінін көреді, – дейді Мәдениет үйінің директоры.

Қазіргі таңда сырттан жас мамандарды шақыру үшін алдымен баспанамен толық қамтамасыз ету керек. Десе де бұл қиын үрдіс екені белгілі. Ал бұл жоба аудан ішінен мамандар даярлау арқылы мәселенің шешімін жеңілдетуге ықпал етеді.

Біз бір жылда 30 баланы оқуға жіберіп отырсақ, 10 жылдан кейін мәдениетіміз өздігінен қалыптасады. Өз ауданымыздың түлектері өз жерлеріне қызмет ететін болады. Жуықта Семей қаласындағы музыкалық білім беретін оқу орындарымен де келісімге келетін боламыз, – дейді Дархан Рамазанұлы.

Ауданымызда кез келген салада мамандардың тапшылығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Сондықтан сырттан даяр маман шақырумен қатар маман даярлау ісіне де көңіл бөлген абзал.


Следующая →