ҚР Президенті Үкіметті отставкаға жіберді
Премьер-Министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады
Фото:
primeminister.kz
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.