Өскемен
Бұлтты
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Семей
    -16°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -10°
  • Астана
    -25°
  • Ақтөбе
    -24°
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    -5°
  • Қарағанды
    -24°
  • Көкшетау
    -26°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    -13°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -25°
  • Тараз
    -9°
  • Түркістан
    -7°
  • Орал
    -11°
  • Шымкент
    -9°
$
491.59
-2.26
572.16
+0.38
¥
71.52
-0.01
6.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл 7 мектеп пайдалануға берілуі керек

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасына сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында облыста 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл 7 мектеп пайдалануға берілуі керек
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО Құрылыс, энергетика және ТКШ басқармасы оның ішінде 300 орындық 6 мектеп және 600 орындық 4 мектеп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осылайша қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтық факторларын жою, сондай-ақ білім беру ортасының (инфрақұрылымның) жаңа стандарттарын енгізу көзделген.

ШҚО Құрылыс басқармасының ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы 3000 орындық 7 мектепті жобалау және құрылысы басталды. Оның ішінде 600 орындық 3 мектеп (Өскемен қ.-2, Риддер-1) және 300 орындық 4 мектеп (Өскемен қ., Шемонаиха қ., Белоусовка к., Опытное поле а.). Бұл оқу ошақтары 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1200 орындық 3 мектептің жобалауы және құрылысы басталады: (Өскемен қаласында 600 орындық 1 мектеп және 300 орындық 1 мектеп, Прапорщиково ауылында 300 орындық 1 мектеп). Пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған, - делінген хабарламада. - Мектептердің нысаналы құрылысы бойынша бірыңғай оператор болып "Samruk-Kazyna Construction" АҚ анықталған.

Аталған нысандардың жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Жайлы мектеп 10 мектеп салынады