Өскеменде оқушы сыныптасын және өзін пышақтаған
Оқиға бүгін облыс орталығындағы мектептердің бірінде орын алды
ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жанжал облыс орталығының орта мектептерінің бірінде орын алған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Онда оқушылар өзара сөзге келіп калған, жасөспірімнің бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласына және өзіне дене жарақатын келтірген. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда, бақылау камераларының бейнежазбалары зерттелуде, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.