Бүйрегін 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған
Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы бүйрегін саудалаған
Полиция ағзасын сатпақ болған адамды ақша алу сәтінде қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
Ақтөбе қаласының тумасы интернетте 18 мың АҚШ долларына бүйрегін сататынын жарнамалаған.
Әлеуметтік желідегі хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты, - деп хабарлады Polisia.kz. - Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. ҰҚҚКБ қызметкерлері Көкшетау қаласында ақша беру кезінде күдіктіні ұстады.
Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Ол бұл әрекетке шарасыздықтан барғанын айтқан. Өйткені ойынға тәуелділіктен қарызға батқан көрінеді.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.