ШҚО онкологтары тегін қабылдау жүргізеді
Сенбі күні онкохирург, маммолог, онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог мамандар тұрғындарды қабылдайды
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 2024 жылғы 3 ақпанда қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамандар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдау жүргізеді.
Бұл күні орталықтың жетекші мамандарынан (онкохирург, маммолог, онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог) кеңес алуға болады, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі. - Кез келген адам дәрігердің жолдамасынсыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан ашық есік күніне бара алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы қажет.
Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана), +7(7232) 48-91-51, 8 778 003-78-45.