Өскеменде зағип жандар да теннис ойнай алады
Қалада шоудаун теннис үстелі тек Теннис орталығында орналасқан

Мұнда жұмыс күндері тегін теннис жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Шоудаун ойыны - көру қабілеті нашар адамдар үшін спортпен айналысуға, қарым-қатынас жасауға және өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Көру қабілеті бұзылған қала тұрғындары тенниспен айналысуға шоудаун секциясына қатыса алады.
Тегін негізде сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін өткізіледі. Мекенжайы: Қаныш Сәтпаев даңғылы, 82/8 (теннис орталығы).