Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО дәрігерлері бір күнде 800-ден астам әйелді қабылдады

Жатыр мойыны қауіпті ісігі жайлы хабардар ету апталығы аясында облыстың медициналық ұйымдарында ашық есік күні өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО дәрігерлері бір күнде 800-ден астам әйелді қабылдады
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Ашық есік күні медициналық ұйымдарға 800-ден астам әйел қатысып, тексеріліп, кеңес алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл күні облыс тұрғындары барлық емханаларда және Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында дәрігерлердің жолдамасынсыз, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, мамандардан тегін кеңес алды.

Мәселен, ШҚО Онкологиялық орталық мамандары хабарлағандай, шара Өскемен тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырып, оған 150-ге жуық адам қатысты. Онкогинекологтар тек тексеру жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар әйел жынысы аймағының онкопатологиясының алдын алу әдістері туралы айтты.

Мұндай акциялардың маңызы жоғары. Өйткені бұл - жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың бір тәсілі. Ол елдегі әйелдер арасында жетекші онкологиялық патология болып табылады және онкологиялық аурулар құрылымында сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында, - деп атап өтті онкоорталықтың маммология және онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Мухаметжанов.

Онкологиялық орталыққа келушілер де осындай ашық есік күндерінің өте ыңғайлы екенін атап өтті. Өйткені білікті дәрігерге жолдамасыз, алдын ала жазылусыз және басқа да аралық әрекеттерсіз оңай жолығуға болады.

Ашық есік күнін ұйымдастырғаны үшін онкологиялық орталық ұжымына алғыс айтқым келеді. Өз басым осындай ашық есік күндеріне келуді әдетке айналдырдым. Мұнда білікті мамандар біздің денсаулығымызға өте сапалы және нақты баға бере алады, - деді шараға қатысқан Наталья Веселова.

Медициналық ұйымдарда ерте диагностиканың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Дәрігерлер тұрғындарға скринингтік тексеруден өтіп, профилактикалық шаралардың аса маңызды екендігін тағы да еске салды.

Следующая →