Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +27°
$
481.63
534.46
¥
67.92
5.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бірнеше ауданда оқушылар бүгін де мектепке бармайды

ШҚО Білім басқармасы 30 қаңтарда бірінші және екінші ауысымның қашықтан оқыту форматына ауысатынын мәлімдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / В ВКО вновь отменены занятия в школах некоторых районов
Фото:
Устинка LIVE / В. Иванов

ШҚО Білім басқармасы ақпаратына сүйенсек, сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты кей аудандардағы мектеп оқушылары сабақты үйден оқиды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Келесі мектептер онлайн режімде оқиды:

Риддер қаласы: ауа температурасы -23°С, шығыстан 2 м/с жылдамдықпен соққан жел екпіні 8 м/сек дейін болғандықтан бірінші ауысымның 0-ден 4-сыныптары.

Глубокое ауданы: Березовка мен Черемшанка ауылдарында ауа температурасы -28°-29°С болғандықтан бірінші ауысымның 0-ден 4-сыныптары.

Шемонаиха ауданы: -27°С, жел 3м/с, 0-ден 9-сыныпқа дейін.

Алтай ауданы: сыртқы ауа температурасының -34 -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алтай қаласындағы, Тұрғысын, М. Бикетов, Леснопристанская, Путинцевская, Зубовская, Маякская, Соловьевская орта мектептеріндегі бірінші және екінші ауысымының 0-11-сыныптары мен колледждің 1, 2-курстары қашықтан оқиды; -32°С байланысты Первомайская, Первороссийская, Чапаевская, Быковская орта мектептерінің 0-9-сыныптары; -30°С байланысты Жаңа Бұқтырма, Средигорненская, Дородницкая, Новокрестьянская, Подорловская, М. Харин атындағы,  Крестовская мектептерінің 0-4-сыныптары сабақты үйден оқиды.

Күршім ауданы: Ұрынхай, Төсқайың ауылдарындағы бірінші және екінші ауысымның 0-11-сыныптары; Күршімдегі мектептер мен Үшбұлақ, Сарыөлең, Бірлік, Барақ батыр ауылдарындағы 0-9-сыныптары; Алғабас, Шанағат, Оң жақ Қалжыр, Құйған мектептерінің 0-4-сыныптары қашықтан оқыту форматына ауысты.

Катонқарағай ауданы: Дамитов атындағы, Үлкен нарын, Новополяковка ауылдарындағы мектептердің 0-4-сыныптары.

Самар ауданы: Молдағұлова атындағы орта мектептің 0-2-сыныптары қашықтан оқиды.

Следующая →