Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл басынан бері өрт салдарынан екі адам қаза болды

Шығыс Қазақстан облысында биыл 43 өрт тіркелді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жыл басынан бері өрт салдарынан екі адам қаза болды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Сондай-ақ, көміртегі тотығының әсерінен 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

2024 жылдың басынан бері өңірде 43 өрт болып, 2 адам қаза тапты. Өрттердің көбінің себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау - 23 жағдай, пештерді тиісінше пайдаланбаған кезде - 12 жағдай, отты абайсыз пайдалану салдарынан - 5 жағдай, сондай-ақ басқа да себептер болды. Отқа абайсызда қарау азаматтардың қаза болуына әкелді, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

2024 жылдың басынан бері көміртегі тотығының әсерінен 6 адам зардап шекті. Көбінесе бұл жағдайлар ауа температурасының төмендеуі және пештердің дұрыс жұмыс істемеуі кезінде орын алады.

Жылыту кезеңінде ШҚО ТЖД мамандары өрт-профилактикалық жұмысқа мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларының тізімін қалыптастырды. Бұл отбасылардың үйлерінде 2000-нан астам көміртегі тотығы датчигі орнатылды.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Следующая →