"Өскемен-Шемонаиха" автожолы дронның көмегімен бақыланады
Бұл аймақтағы қауіпті учаскелерде профилактикаға ерекше назар аударылуда
"Өскемен-Шемонаиха" автожолында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асыратын патрульдік нарядтардың тығыздығы бес экипажға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Жетінші шақырым аумағындағы апаттық қауіпті учаскіге қосымша максималды жылдамдықты шектейтін жол белгісі орнатылды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратында. - Көру мүмкіндігі шектеулі жол учаскелерінде басып озу, қарсы жолаққа шығу қағидаларын бұзу сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында ұшу аппараттары дрондарды қолдану жүзеге асырылады.