ШҚО-ның екі қаласында ҚМЖ сақталады
Өскемен мен Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның екі қаласында ҚМЖ сақталады Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның екі қаласында ҚМЖ сақталады](/upload/iblock/57c/0j51sxlgl331qfuggxnlttyimtcqo60o/9I3V3235.jpg)
Бұл туралы "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
25 қаңтар сағат 21.00-ден 26 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.