Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігімен танысты

Облыс басшысы жауынгерлік жүк көлігін тізгіндеп тексеріп көрді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігімен танысты
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығымен және техникалық жабдықталуымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Қаз-қатар тізілген броньді әскери көліктердің сипаттамасынан хабардар болған өңір басшысы Урал 4320 ауыр жүк көлігін өзі тізгіндеп, әскери бөлім аумағында жүргізіп көрді. Ол әскери бөлім орындайтын жауынгерлік міндеттермен, оқу материалдық базасына назар аударды. Сондай-ақ, қарудан оқ ату дағдыларын қалыптастыруға арналған тир орталығында қарудан оқ атып көрді.

Жұмыс барысында облыс әкіміне жауынгерлік жедел тобының ұрыстық тәртібін көрсетіп, отряд офицерлері арнайы жасақтың заманауи үлгідегі қаруларын, әскери киім үлгілерімен таныстырды.

Осы орайда айта кетейік, өткен жылы облыс әкімдігі әскери бөлімге "Daewoo" маркалы 4 автобус табыстаған болатын. Отыз орынға арналған көліктер жедел мақсаттағы жеке құрамды жауынгерлік қызмет орындарына тасымалдайды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3 бірдей облыстың қоғамдық тәртібін қамтамасыз ететін жедел мақсаттағы әскери бөлімдердің сақшылары 3514 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 315 қылмыстың бетін ашқан.

Следующая →