Өскемен полициясы жаппай автобустарды тексеріп жатыр
Тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте орын алуы мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алуда
Өскемен қаласында 11-15 қаңтар аралығында республикалық "Тасымалдаушы" жедел- профилактикалық шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ЖПІШ негізгі мақсаты - қоғамдық көлік ішіндегі орын алған кез келген құқық бұзушылықтардың алдын алу және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өскемен қалалық полиция басқармасы ақпаратына сүйенсек, ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын, бірінші кезекте балалар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізеді.